
Қаржауов Нұрбол Рахматуллаұлы
ҚР ПІБ "Автошаруашылығы" РМК Директор
1982 жылы 30 маусымда Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген.
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі біліктілігіне ие болған.
2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақмола облысы соттары әкімшісі Ақкөл аумақтық учаскесінің сот орындаушысы.
2003 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақмола облысы соттары әкімшісі Бұланды аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2004 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақмола облысы соттары әкімшісі Ақкөл аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақмола облысы соттары әкімшісі аумақтық бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы.
2010 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы бойынша сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы.
2011 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы бойынша сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары.
2012 - 2014 жылдары «Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ қаржы полициясы органдарындағы қызмет.
2014 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Астана қонақ үйі» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі бас сарапшы-заңгері.
2015 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» РМК ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы.
2016 - 2020 жылдары «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК директоры.
2020 – 2022 жылдары «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК директоры.
2022 жылғы 1 желтоқсан бастап «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК директоры.