Басты бет"ҚР ПІБ Автошаруашылығы” ШЖҚ РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже

"ҚР ПІБ Автошаруашылығы” ШЖҚ РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже

«Бекітілді»

«Қазақстан Республикасы Президенті Ic басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын директорының 16.06.2024 жылғы № 06-01/202 бұйрығымен  

 

 

«Қазақстан Республикасы Президенті Ic басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құықығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметі туралы ереже

 

 

  1. тарау. Жалпы ережелер

 

          1. Осы «Қазақстан Республикасы Президенті Ic басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құықығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211 болып тіркелді) Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас

жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.

  1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасы Президенті Ic басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құықығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындагы (бұдан әpi - Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын кұқұрылымыдық бөлімшелердің немесе адамдардың мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, функцияларын, өкілеттіктерін айқындайды.
  2. Ереже Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық жұмыскерлердің назарына жеткізіледі.
  3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
    1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — Кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
    2. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
    3. мүдделер қақтығысы — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке
 

мүдделері   мен   олардық   лауазымдық   өкілеттіктері   арасындағы   қайшылық,

мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі

 
 
 

 

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық - заңда әкімшілік немесе қылмыстық  жауаптылық  белгіленген,  сыбайлас  жемқорлық  белгілері  бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

    1. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — сыбайлас жемқорлықка қарсы іс— қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;
    2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан    Республикасының     сыбайлас     жемқорлыққа     қарсы     саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа   қарсы іс— қимыл   саласындағы    үйлестіруді,   сондай-aқ   сыбайлас    жемқорлық   құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
  1. Кәсіпорында осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымыдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  функцияларын орындайтын жауапты тұлга мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымыдық бөлімшені немесе жауапты тұлға Кәсіпорын Директорының шешімімен айқындайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін Кәсіпорынның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, Кәсіпорын Директорына eceп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының  сақталуын қамтамасыз ету кезінде тауелсіз болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функциясын Кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерініц функцияларымен ұштастыруға жол берілмейді.
  5. Eгep «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
 

саласындағы халықаралық стандарттармен осы Ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, осы талаптар мен тәсілдерді Кәсіпорын Директоры бекітеді.

 

  1. тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты Кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-aқ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  міндеттері:
    1. Кәсіпорынның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
    2. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
    3. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
    4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
    5. Заңга сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  3. Кәсіпорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылықда алады:
    1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
    2. басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
    3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
    4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  тәуелсіздігі;
    5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
    6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
    7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметтің  функциялары:
    1. келесі кұжаттардық әзірленуін қамтамасыз етеді:

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылынын ішкі саясаты;

Кәсіпорынның қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;

Кәсіпорындагы мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас

 

жемқорлыққа қарсы стандарт;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маселелері жөніндегі ішкі іс- шаралар жоспары;

Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;

Корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;

    1. Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, корытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
    2. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жургізудіц үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жургізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді

     мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14441) сәйкес Кәсіпорынның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жургізуді үйлестіреді;

    1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және Кәсіпорынның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Кәсіпорынның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
    2. Кәсіпорында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;
    3. Кәсіпорында сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
    4. Кәсіпорынның қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
    5. Кәсіпорын ққызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic қимыл

саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

    1. Кәсіпорынның ұжымында жалпы қабылданган моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
    2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
    3. Кәсіпорынның құрылымыдық бөлімшелерініц сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
    4. мүдделер қақтығысын, оның ішінде Кәсіпорында жұмысқа орналастыру,  сатып  алу  және  бизнес-процестер  мәселелерін  анықтау,
 

мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

    1. Кәсіпорында сыйлықтар беру және алу маселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
    2. контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;
    3. Кәсіпорындагы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жургізеді және/немесе оларға қатысады;
    4. Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындагы өзгерістерге мониторинг пен талдау жургізеді;
    5. Кәсіпорынның құрылымыдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
    6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маселелері бойынша Кәсіпорынның  құрылымдық  бөлімшелері  мен қызметкерлерінің ақпаратын

'  тыңдайды;

    1. Кәсіпорын Директорына анықталган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Кәсіпорынның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
    2. Кәсіпорын  қызметінің  ерекшелігіне қарай  мұндай  функциялар

тәуелсіздікке әcep етпейтін және мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соқпайтын жағдайда комплаенс, іскерлік әдеп, орнықты даму және басқалар маселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;

    1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын жауапты тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жуктелген міндеттердің орындалуын және функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын жауапты тұлғаның функционалдық міндеттері, құқықтары  мен жауапкершілігі лауазымдық нусқаулықтармен немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Ереженің негізінде әзірленетін қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын құжаттармен айқындалады және оларды Кәсіпорын Директоры бекітеді.
  3. Сыбайлас     жемқорлыққа қарсы   комплаенс-қызметтің     атынан Кәсіпорынның басқа    құрылымыдық бөлімшелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құзыретіне кіретін маселелер    бойынша    жіберілетін құжаттар    мен              сауалдарға     сыбайлас          жемқорлыққа      қарсы              комплаенс-қызмет

функцияларын орындайтын жауапты тұлға қол қояды.

  1. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын жауапты тұлға комплаенс саласындагы уәкілетті органдар мен кәсіптік ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы үнемі кәсіби
 

біліктілігін арттыруы қажет.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызмет өз қызметінің шеңберінде:
    1. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады;
    2. Кәсіпорын Директорына қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шығаруға бастамашылық жасайды;
    3. ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа Карсы ic қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жургізеді;
    4. Кәсіпорынның басшылары мен басқа да қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;
    5. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органга жібереді;
    6. Өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
    7. Кәсіпорын қызметкерлерінің Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады.
  2. Өз қызметін   жүзеге  асыру  кезінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы

комплаенс-қызмет:

  1. Кәсіпорын және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттық, сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, eгep онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, кұпиялылығын сақтайды;
  2. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл маселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік әдеп кодексінің және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
  3. Кәсіпорын Директорын сыбайлас жемқорлыққа карсы заңнаманы бұзудың  болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
  4. сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;
  5. Кәсіпорының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
  6. қызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын жауапты тұлға:
    1. алдыңғы үш жыл ішінде олар қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
 
    1. тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіретін немесе осындай зиян келтіретін ретінде қабылданатын кез келген әрекетке қатысуға;
    2. құпия ақпаратты жеке мүддеге пайдалануға;
    3. іскерлік этика нормаларын бұзуга;
    4. нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  тауелсіздігіне, объективтілігіне және бейтараптылығына нұқсан келтіруі мүмкін не осындай залал келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдау және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
    5. мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және басқа да іс-шараларга катысуға болмайды.
  1. Кәсіпорын Директоры:
    1. сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс - қызметтің  қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жәрдемдеседі, оның мақсаттарын, міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындауға,  құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
    2. сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызметтің  қызметін әкімшілік (ұйымдық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті дерекқорларға қолжетімділікті) және өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен қамтамасыз етеді;
    3. сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызметіне сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызметтің  қызметі, әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер маселелері бойынша оқыту және сертификаттау мүмкіндіктерін ¥сынады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа  карсы комплаенс-қызметтің  Кәсіпорынның

құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы жұмыстағы өзара сыпайылық пен дұрыстық негізінде кұрылады.

  1. Кәсіпорынның   құрылымыдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыбайлас

жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесідей жәрдемдеседі:

  1. осы Ереженің 13-тармағы 1) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
  2. анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
  3. туындайтын маселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.

 

  1. тарау. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің

есептілігі

  1. Сыбайлас жемқорлыққа карсы комплаенс-қызмет Кәсіпорында қабылданған сыбайлас жемкорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның cұpay салуы бойынша Кәсіпорында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жібереді.

 
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Кәсіпорын Директорына мерзімді түрде eceп береді.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Заңының 24-бабы 1-тармағына сайкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.