2016 жылғы 4 қыркүйек күні ҚР Премьер-Министрі Карим Масимовтың, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «Астана Марафон-2016» атты қайырымдылық жүгіру жарысы өтті.
Марафон ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша жүгіруге 4,5 мың қазақстандық және 28 елдің спортшылары қатысты.
Жексенбі күні таңертең марафоншылар «Хан шатыр» СОО алаңынан бет алып 10, 21.21, и 42.2 шақырым қашықтықтың алдын алу үшін Астананың басты көшелерімен жүгіріп өтті. Соның ішінде «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК-ның қызметкері Кенесқан Төлеуханов (1961 жылы туған) қатысып, 10 км. шақырым қашықтықта 3 орынға ие болды. Бұл қашықтықты 39 минут 37 секунд ішінде жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылардың атынан К. Төлеуханов қола медаль және сертификатпен марапатталды.
Кенескан Төлеуханов Кәсіпорында 2007 жылғы 24 желтоқсаннан бастап жеңіл автомашина жүргізуші болып жұмыс істейді. Алуан түрлі турнирлардың белсенді қатысушысы болып табылады.