2016 жылғы 12 қарашасында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған кәсіпорын қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.
Іс-шара мақсаты - жастардың салауатты өмір салтын насихаттау және жүйелі түрде спортқа тарту.
Кәсіпорын қызметкерлері арасында қажырлы және лайықты күрес өріс алды. Турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын - Досхан Иманбеков (жетекші маман - маркетолог), ІІ жүлделі орын - Жадігер Сырғабаев (жүргізуші), ІІІ орын – Марат Садуақасов (жүргізуші).