Басты бетЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АРНАЙЫ СЕМИНАРЛАРМЕН ОҚЫТУЛАР

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АРНАЙЫ СЕМИНАРЛАРМЕН ОҚЫТУЛАР

РМК «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» (бұдан әрі – Кәсіпорын) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында жеке көзқарастарын өзгертугеаса мән бөліп,  қауіпсіздік мәдениеті, төтенше жағдайға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру бойынша және қауіпсіздік талаптарын қадағалау бойынша бақылауды күшейту жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Осы мақсатта Кәсіпорын қауіпсіздік, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі саласында арнайы семинарлар, оқытулар және оқулар жүргізеді.

2018 жылдың қыркүйек айында Кәсіпорынның басшылары мен жұмысшыларына «Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау» және «Өрт-техникалық минимум» бойынша курстарды өткізді. Оқытуға Кәсіпорынның 25 жұмысшылары қатысты, соның ішінде директор мен директордың пайдалану жөніндегі орынбасары.

Курстың тындаушылары «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» негізгі ережелері, еңбек қорғаудың құқықтық негіздемесі, жұмыс орындағы еңбек қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, жұмыс орындағы негізгі қауіп-қатерлер және одан қорғану шаралары, электрқауіпсіздік бойынша талаптар, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар, өндірістік санитария мен еңбек гигиенасына қойылатын талаптар және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша оқуды үйреніп білді.

Оқытудың нәтижелері бойынша Кәсіпорынның басшылары мен жұмысшылары, бүкіл Қазақстан территориясында жарамды арнайы үлгімен жасалған сертификатты алды.