2018 жылдың 20 қыркүйегінде «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСБ-7 және АӨСБ-4 өрт сөндіру бөлімдерінің және Кәсіпорын жұмысшыларнының қатысуымен оқу-жаттығулар жүргізілді.
Оқудың басты мақсаты - Кәсіпорын шекарасында төтенше жағдай болғанда Астана қаласының ТЖД өрт бөлімдерінің бөлімшелерімен қарым-қатынас кезінде Кәсіпорынның жұмысшыларының және ерікті өрт жасағының дайындығын тексеру.
Оқудың түпкі ойы бойынша шартты өрт ЖМҚ станциясында пайда болды. Толтыру кезінде көлік құралының қозғауыш бөлігі жанды.
Шартты өртті сөндіру үшін Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСБ-7 және АӨСБ-4 өрт сөндіру бөлімдерінің 4 өрт техникасы мен 20 өрт сөндірушісі келді. Өртті сөндіру бойынша тиісті іс-әрекеттір жүргізілді: өрт гидрантына көлікті орнату, магистралды желіні төседі, шартты өртті сөндіруге өрт оқпасын берді және қасындағы ғимараттарды қорғады, сондай-ақ адамдар мен техника жедел көшірілді. Шартты өртті сөндіру жаңбырлы және көпірікті әдіспен жүргізілді, сондай-ақ авто-сатыны қолданды.
Қолданған шаралармен шартты өрт қысқа уақытта жойылды. Оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қойылған барлық міндеттер орындалды.
Оқу-жаттығуларды өткізгеннен кейін Кәсіпорынның жұмысшыларымен тез жанатын сұйықтықтарды сөндіру кезінде өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша тәжірибиелік іс-қимылдары жүргізілді. Өртті сөндіру үшін көмірқышқылды, сондай-ақ ұнтақты өрт сөндіргіш қолданды, бұл оқуға қатысушыларға өрт сөндіргіштердің түрлі артықшылары мен кемшіліктерін өзінің жеке тәжірибиесі арқылы бағалауға мүмкіндік берді.