Басты бетҚР ПІБ ВЕДОМСТОВЛЫҚ ҚАРАСТЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ БОЙЫНША ТУРНИРІ

ҚР ПІБ ВЕДОМСТОВЛЫҚ ҚАРАСТЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ БОЙЫНША ТУРНИРІ

2018 жылдың 17 қарашасында «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстовлық қарасты ұйымдарының арасында үстел теннисі бойынша турнир ұйымдастырды.

Теннис турнирінде барлығы 12 ведомстволық қарасты ұйымдар қатысып, табан тірескен күрес нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша турнирдің жеңімпаздары анықталды:

1 жүлделі орынды «Мемлекеттік Резиденциялар Дирекциясы» РМК құрамасы алды

2 жүлделі орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» РМК құрамасы алды

3 жүлделі орынды «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК құрамасы алды.

«Ардагерлер арасындағы үздік ойыншы» номинациясы бойынша  жеңімпаз болып ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің бас инспекторы – Құсайынов Қанат Ақтанұлы, «Ерлер арасындағы үздік ойыншы» номинациясы бойынша  «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ бас программисті Мұрат Бауыржан, «Әйелдер арасындағы үздік ойыншы» номинациясы бойынша  «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК редакциялық қызметі дизайнері - Абилова Ақжан Дильдабекқызы танылды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!