Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті.

Қазақстанда негізгі ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні аталып өтуде. Дәл 1991 жылғы 16 желтоқсанда біздің республикамыздың Тәуелсіздігі мен Мемлекеттік егемендігі туралы Заң қабылданған болатын.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының наградаларымен келесі қызметкерлер марапатталды:

«Ерен еңбегі үшін» медалімен - экономика жөніндегі директордың орынбасары Ауанов Бекжан Сейдахметұлы;

«Астана 20 жылдық мерекелік медаль» медалімен - 1-сыныпты жүргізуші Байдосов Сәкен Жапарұлы;

«Астана 20 жылдық мерекелік медаль» медалімен - бөлім бастығы-бас бухгалтер Малғаздарова Гүлжан Сайлаубекқызы;

Құрмет грамотасымен -  пайдалану қызметінің бастығы Батрачин Нұрлан Мәжитұлы;

Алғыс хатпен -  өндірістік бөлмелерді жинаушы Мауянова Бибігүл Аманбайқызы.

Мереке қарсаңында лайықты демалысқа шыққан Мухаметов Тлеулес Далабайұлы мен

Хасенов Амантай Абылқасұлына «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК директоры Сүйіндіков Төлеубек Қажымағамбетұлының атынан ұзақ мерзімді және адал жұмысы үшін алғыс хаттар берілді.

Мереке қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы бойынша Кәсіпорын қызметкерлерінің балалары арасында бейне байқау жарияланды. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды және салтанатты жиналыста келесі қатысушылар ұсынылды:

1-ші дәрежелі диплом - Жантасова Медина, 11 жаста.

2-ші дәрежелі диплом - Мұнара Дана, 7 жаста.

3-ші дәрежелі диплом - Ильясова Аяулым, 10 жаста.