Басты бетЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА КӘСІПОРЫНДА АВТОШАРУАШЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА КӘСІПОРЫНДА АВТОШАРУАШЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2018 жылғы 21 желтоқсанда, Жаңа жыл қарсаңында Кәсіпорында Автошаруашылық ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Мерекелік дастархан басында, шуақты да жанға жайлы жағдайда Автошаруашылықтың қалыптасуы, оның бастауында тұрған әрбір адамның жолы неден басталғандығы туралы еске алу кеші өтті. Білім мен тәжірибені иемденген бүгінгі ұрпақ Кәсіпорын ардагерлеріне ризашылықпен және аса құрметпен қарайды.

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және қажымас қайрат тілейміз!