Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы рет Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесі өтті. Парламенттік форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығына орайластырылған.
"ҚР ПІБ Автошаруашылығы" РМК Еуропа мен Азияның 65 елінен келген делегациялар мүшелерін, сондай-ақ 16 халықаралық ұйымдардың өкілдерін тасымалдау бойынша көліктік қызмет көрсете отырып, форум өткізуді ұйымдастыруға қатысты.