"ҚР ПІБ Автошаруашылығы" РМК жетім балаларға арналған жыл сайынғы Қайырымдылық шыршасына қатысты, осыған байланысты "Мейірімділік-М" Қайырымдылық ұйымы" қоғамдық қорына балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар әзірленіп берілді.
2019 жылғы 26 желтоқсанда "Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау қауымдастығы" қоғамдық бірлестігіне 80 баланың жаңа жылдық ертеңгілікке баруы үшін екі жолаушы автобусы бөлінуі арқылы қайырымдылық көмегі көрсетілді.
"Мейірімділік-М" Қайырымдылық ұйымы" қоғамдық қорының ұжымына жас ұрпақты дамытуға және қолдауға қосқан қажырлы еңбегі мен баға жетпес үлесі үшін Кәсіпорын ұжымы өз құрметі мен ризашылығын білдіреді.