2023 жылғы 31 мамырда балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің балалары арасында шахмат бойынша турнир ұйымдастырды, оған 6 жастан 10 жасқа дейінгі 70-тен астам бала, оның ішінде Автошаруашылық қызметкерлерінің 10 баласы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша ІІ және ІІІ орындар жүргізуші А.Б. Нарымбековтың балалары (Әли және Нәби) арасында бөлінді, олар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Бұл ретте қыздар арасында «Үздік ойыншы» номинациясын Кәсіпорын қызметкері К.Кожахметовтың 10-жастағы баласы Іңкәр жеңіп алып, марапаттаулар табысталды.
Автошаруашылық басшылығы турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтайды, одан әрі жеңістер тілейді, сондай-ақ осы жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді.