Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсететін «NASLEDIE» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық шеңберінде 2025 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары үшін сауықтыру және мәдени-демалыс іс-шаралары ұйымдастырылды.
Отбасылардың іс шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында сапарларды ұйымдастыру үшін көп орындық көлік ұсынылды:
• Балқаш қаласына-2025 жылғы 15-22 тамыз аралығында;
• Қарағанды қаласына-2025 жылдың қыркүйегінде.
Іс-шаралар қатысушылардың физикалық және эмоционалдық жағдайын нығайтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне және интеграциясына жәрдемдесуге, сондай-ақ инклюзивті туризмді дамытуға бағытталған.
Қамқорлығында ерекше қажеттіліктері бар 150 — ден астам бала бар «NASLEDIE» қоғамдық бірлестігі оңалту бағытындағы әлеуметтік жобаны - «GROWING TOGETHER» (бірге өсу)халықаралық орталығы іске асырады. Жоба мүгедек балалар мен ересектерге арналған инклюзивті туризмді қолдауға және дамытуға бағытталған және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылға арналған Жолдауына сәйкес іске асырылуда, онда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру:
• мүгедек балалары бар отбасылардың мәдени және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;
• қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту;
• ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік интеграциялау және оңалту тиімділігін арттыру.