2026 жылғы 1 маусым күні Кәсіпорында Халықаралық балаларды қорғау күніне және қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Байқаулардың қорытындысы бойынша барлық қатысушы алғыс хаттармен марапатталды, ал жеңімпаздарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды. Марапаттау рәсімі балалардың мерекелік көңіл-күйін арттырып, олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын ынталандырды.