«ҚР ПІБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-да «Әділет» партиясы Астана қ. «Өркен» аумақтық филиалы штабы мүшелерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында 23 тамызда өтетін Ұлттық Құрылтайдың негізгі бағыттары мен маңызы талқыланып, қатысушыларға жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның спикерлері:
-Ақтайлакова Г.Н. – «Әділет» партиясы Астана қ. «Өркен» аумақтық филиалының төрағасы;
-Башимов М.С. – Ұлттық Құрылтай депутаттығына кандидат;
-Халмуратов Б.О. – «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ бас директоры;
-Байгенжин А.Қ. – «University Service Management» жеке мекемесінің бас директоры.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.